Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Қазақстанды өзінің 60-шы Конвенциясы өтетін орын деп жариялады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты жариялады.
"Әлемге бокстың бейбітшілік пен келісімнің алтын көпірін жалғайтын бірлік пен ынтымақ спорты екенін көрсететін уақыт келді және бұл оқиға 2022 жылдың күзінде осындай керемет елде маңызды оқиға болатынына сенім мол.
WBC ұйымы жыл сайынғы съезінің Қазақстанда өтуін, дәл қазіргі жағдайда бұрынғыдан бетер, толықтай қолдайды", - дейді ресми мәлімдеме.
Естеріңізге сала кетейік, WBC съезді Қазақстанда өткізу туралы шешімін 2021 жылдың қарашасында Мексикада өткен Конвенцияда шығарған еді. Келесі жиынға туды Сауль "Канело" Альварес табыстаған болатын.