Бокс
14 қаңтар 2022 19:08
 

WBC ұйымының 2022 жылғы жиыны Қазақстанда өтеді

  Пікірлер

blog.share

WBC ұйымының 2022 жылғы жиыны Қазақстанда өтеді Сурет: wbc.com ©

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Қазақстанды өзінің 60-шы Конвенциясы өтетін орын деп жариялады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты жариялады. 

blog.share

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Қазақстанды өзінің 60-шы Конвенциясы өтетін орын деп жариялады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты жариялады. 

"Әлемге бокстың бейбітшілік пен келісімнің алтын көпірін жалғайтын бірлік пен ынтымақ спорты екенін көрсететін уақыт келді және бұл оқиға 2022 жылдың күзінде осындай керемет елде маңызды оқиға болатынына сенім мол. 

WBC ұйымы жыл сайынғы съезінің Қазақстанда өтуін, дәл қазіргі жағдайда бұрынғыдан бетер, толықтай қолдайды", - дейді ресми мәлімдеме.

Естеріңізге сала кетейік, WBC съезді Қазақстанда өткізу туралы шешімін 2021 жылдың қарашасында Мексикада өткен Конвенцияда шығарған еді. Келесі жиынға туды Сауль "Канело" Альварес табыстаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!