WBC титулының иегері қатысатын Ақтаудағы бокс кешінің андеркарды жарияланды
Adal Promotions промоутерлік компаниясы 5 қараша күні Ақтау қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінің андеркардында өнер көрсететін боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Adal Promotions промоутерлік компаниясы 5 қараша күні Ақтау қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінің андеркардында өнер көрсететін боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Айболды Дәуренұлы (дебют) - Нұрсұлтан Байниязов (дебют), аса ауыр салмақ;
Аль-Мухаммед Махмут (дебют) - Қыдырәлі Мұрат (дебют), жартылай орта салмақ;
Нұрас Жеңіс (дебют) - Жақсылық Өтешкен (1-1, 1 КО), екінші орта салмақ;
Самат Жетібаев (дебют) - Рахат Махамбетсаилов (1-3, 0 КО), аса жеңіл салмақ;
Жолдас Жеңісов (дебют) - Айбек Нұрғиса (1-1, 0 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ.
Бокс кешінің басты кездесулері бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовтың (2-0, 1 КО) өзбекстандық Фаррух Джураевқа (6-4-1, 2 КО) қарсы және жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (14-0, 8 КО) белорустық қарсыласы Дмитрий Атроховқа (16-11, 7 КО) қарсы жекпе-жегі болмақ.
Жуырда ғана екі боксшы да Adal Promotions компаниясымен келісімшарт жасады. Нұрсұлтанов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсанында Екатеринбург қаласында (Ресей) өткізіп, төрешілер шешімімен шаршы алаң иесі Илья Баландинді жеңген болатын.
Жарнама