WBC титулына ие жеңілмеген қазақстандық сенсация жасаған боксшымен жекпе-жекке шығады

7 қыркүйек 2020 10:14
Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов келесі жекпе-жегін 9 қыркүйек Дубайда өтетін Rotunda Rumble IV шоуында британиялық Макси Хьюзбен жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшыға тиесілі жеңіл салмақта WBC International титулы сарапқа салынады. 

Тамызда британиялық боксшы IBF титулына үміткер болған ирландиялық Джон Кэроллды жеңіп, сенсация жасаған. Proboxingodds.com мәліметінше, Хьюздің жеңісіне 11, ал Кэроллдікіне - 1,04 көрсеткішімен бәс тігілген екен. 

Коточигов та кейінгі жекпе-жегін тамызда өткізіп, беларуссиялық Андрей Исаевты үшінші раундта нокаутпен жеңген. 

27 жастағы Коточигов 11 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен (бес нокаут) және WBC International титулына ие.
Жаңалықтар