Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшыға тиесілі жеңіл салмақта WBC International титулы сарапқа салынады.
Тамызда британиялық боксшы IBF титулына үміткер болған ирландиялық Джон Кэроллды жеңіп, сенсация жасаған. Proboxingodds.com мәліметінше, Хьюздің жеңісіне 11, ал Кэроллдікіне - 1,04 көрсеткішімен бәс тігілген екен.
Коточигов та кейінгі жекпе-жегін тамызда өткізіп, беларуссиялық Андрей Исаевты үшінші раундта нокаутпен жеңген.
27 жастағы Коточигов 11 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен (бес нокаут) және WBC International титулына ие.