Лас-Вегастағы (АҚШ) бокс кешінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта WBC чемпионы америкалық Райан Гарсия мен британиялық Конор Бенн жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Гарсия британиялық қарсыласын арқанға тақап тұрып соққылар астына алғанда төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Гарсия чемпиондық титулын қорғап, кәсіпқой карьерасында 26-жеңісіне жетті. Ол 21 жеңісін нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар, америкалық екі ретжеңілген.
Ал Бенн кәсіпқой карьерасында екінші рет және алғаш рет нокаутпен жеңілді. Бұған дейін ол 25 жеңіске жеткен еді.
KING RYAN KNOCKED BENN OUT!#GarciaBenn | @ringmagazine ▪️ pic.twitter.com/0yCzW48oKL
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) September 13, 2026
Жарнама