WBC рейтингінде ең мықты бестікке кірген Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионына ескерту жасады

10 желтоқсан 2020 12:44
Сурет: ringtv.com

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде жоғарылады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған тізімде бір сатыға көтерілген боксшы қазір бесінші тұр.

"WBC рейтингінде бесінші. Дайын бол, Чарло!" - деп жазыпты Жәнібек твиттерде, орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарлоға (31-0, 22 КО) қарата.

Қазіргі таңда Әлімханұлында WBO Global және WBC Continental Americas титулдары бар. Кейінгі рет ол қазан айында жұдырықтасып, аргентиналық Гонсало Корияны нокаутқа түсірген. 

Ал екінші орта салмақта 15-ші орында болған өзге қазақ боксшы - Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінен шығып қалды. Қазір оның орнында тағы бір қазақстандық боксшы Али Ахмедов тұр.

 
Жаңалықтар