Бокс
Кеше 10:48
 

WBC ресми бекітті: жеңілмеген қазақ боксшы чемпионмен айқасады

  Пікірлер

blog.share

WBC ресми бекітті: жеңілмеген қазақ боксшы чемпионмен айқасады ©Fightnews.info

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясы міндетті жекпе-жектерге арналған жыл сайынғы сессиясын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясы міндетті жекпе-жектерге арналған жыл сайынғы сессиясын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы ұзақ күткен жекпе-жегіне жетті

Маңызды шешімдердің бірі - орта салмақтағы әлем чемпионы доминиканалық Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО) қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа (21-0, 17 КО) қарсы титулын қорғайтын міндетті жекпе-жек өткізу талабы болды.

Ұйым тараптарға хабарлама беріп, биыл қаңтарда доминиканалық боксшының командасына қазақстандық қарсыласпен жекпе-жек өткізу қажеттігін еске салды. Алайда осыдан кейін келіссөз созылып кетіп, түсініксіз жағдайлар болды.

Жағдай бұған дейін қалай болған еді

Ақпанда Адамес күтпеген таңдау жасады және жеңіліп көрмеген британиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) кездесті. Жекпе-жек тең аяқталып, Адамес WBC белбеуін сақтап қалды. Осыдан кейін ұйым келесі қарсылас  Нұрсұлтанов екенін атап өтті және тараптарға келісімге келу үшін 6 мамырға дейін уақыт берді.

Тараптар белгіленген мерзімде келісімге келе алмады, бірақ, WBC келіссөз барысындағы "оң өзгерістерді" атап, қосымша уақыт бөлді. Кейін тыныштық орнап, келіссөздер алға жылжымай, ресми хабарламалар қазіргі WBC сессиясына дейін шыққан жоқ.


Осыған қатарлас болып жатқан жағдайлар

Бұл уақытта Адамеспен міндетті жекпе-жекке тағы бір қазақстандық - IBF және WBO нұсқалары бойынша біріккен әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да үміткер болды. Ол доминиканалық боксшымен келіссөз жүріп жатқанын айтқанымен, келісім жасалмады. Нәтижесінде Жәнібек WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) титулды айқас өткізетін болды, алайда, жекпе-жекке бір апта қалғанда допинг-тесттен өте алмаған Әлімханұлы айқастан шеттелді.

Енді WBC ресми түрде Карлос Адаместің міндетті қарсыласы - Мейірім Нұрсұлтанов деп бекітті. Тараптар алдағы жекпе-жектің шарттарын талқылауға қайта кірісуі тиіс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!