WBC президентінен кейін Ковалевке WBO ұйымы мен "Канело" шүйлікті

© Eurosport
Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Пако Валькарсель ұйымның бұрынғы чемпионы Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 KO) мексикалық Сауль "Кенело" Альвареспен (53-1-2, 36 KO) жекпе-жек туралы айтқанына қатысты сынады.

"Ол қабанды жеңу мүмкін емес еді". Ковалев "Канеломен" жекпе-жек туралы шындықты айтты

"Сергей Ковалевтен көңіліміз қалды, ол бокс жанкүйерлері алдында түсінік беруі тиіс, бокс әлемі алдында кешірім сұрауы қажет, керемет Сауль "Канело" Альварестен жеңілгенін мойындауы керек", - деп жазыпты Валькарсель Twitter желісінде.

Айта кетейік, Ковалевтің сөзіне Альварестің де ашуы келген. Оның сөзінше, ресейлік жеңілгенін мойындай алмайды және салмақ бойынша айтқанымен ақтала алмайды.

Өз кезегінде Ковалев сөздеріне қатысты түсінік беріп, бокстың "нағыз жанкүйерлері" алдында кешірім сұрады. 

"Мас болған шығар". WBC президенті "Канелоны" жеңу мүмкін емес деген Ковалевке ашуланды