Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) президенті Маурисио Сулейман суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің туған күніне орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Мексиканың әйгілі бокс жұлдызы 32 жасқа толды.
"Туған күніңмен чемпион", - деп жазды Сулейман.
Еске салайық, 17 қыркүйекте Лас-Вегас (Невада, АҚШ) төрінде Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес спорттық карьераларында үшінші рет қолғап түйістіреді.