WBC президенті Головкин мен "Канело" трилогиясына қатысты пікір білдірді
WBC бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 KO) трилогиясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Канело" бұл айқаста жеңілсе абыройы айрандай төгіледі. Қатарынан екі рет жеңілсе карьерасына нұқсан келеді. Геннадий бірінші айқаста тең түсті және екіншісінде Альварестен айласын асыра алмады. Сондықтан ол қарымта қайтаруға барын салады", - дейді elfildeo.com сайты Сулейманның сөзін келтіріп.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.
Жарнама