1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 12:49
 

WBC Олимпиада чемпионын басынан сипамады, бірақ Жәнібектің қазақ "бәсекелесіне" тиіспеді

  Пікірлер

blog.share

WBC Олимпиада чемпионын басынан сипамады, бірақ Жәнібектің қазақ "бәсекелесіне" тиіспеді ©instagram.com/meiirim.nursultanov

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Елеусінов төрт орынға төмендеді

Жартылай орта салмақта қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО) төрт сатыға төмендеп, 33-орыннан 37-орынға түсті.

Елеусінов соңғы рет 2025 жылдың шілде айында АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен жекпе-жекте шаршы алаңға шыққан. Сол кездесуде ол филиппиндік Джеймс Бэконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.


Сойлыбаев та бір орынға сырғыды

Екінші жеңіл салмақта Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 КО) бір сатыға төмендеп, рейтингте 32-орынға жайғасты.

Сойлыбаев соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Алматыда өткен бокс кешінде өткізді. Ол өзбекстандық Абдулло Кучкаровты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Нұрсұлтанов көшбасшылық орнын сақтап тұр

Ал бірінші орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) рейтингтің бірінші орнын сақтап қалды.

Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылдың қараша айында Ташкентте (Өзбекстан) шаршы алаңға шыққан. Сол кездесуде ол чилилік Хулио Аламосты төрешілердің шешімімен жеңген еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!