Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) пен америкалық кіші Хесус Рамос (24-1, 19 КО) арасындағы жекпе-жектің ресми постерін жариялады. Бұл кездесуде орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұрсұлтанов WBC-дің уақытша чемпиондық белдігі үшін жұдырықтасады
Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы жекпе-жек туралы бұған дейін белгілі болған еді. Алайда WBC енді кездесуді ресми постер арқылы жеке жариялап, оның мәртебесін растады. Сонымен қатар ұйым жекпе-жектің нақты күні мен уақытын тағы бір мәрте еске салды. Айқас 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтеді.
Жеңімпаз орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесін алады. Бұл салмақтағы қазіргі әлем чемпионы - доминиканалық Карлос Адамес (25-1-1, 18 КО).
INTERIM WORLD TITLE FIGHT! ?
— World Boxing Council (@WBCBoxing) September 14, 2026
Jesus Ramos Jr. defends his WBC Interim Middleweight Title against the WBC's No. 1 ranked middleweight contender, Meiirim Nursultanov.
?? vs ??
? September 19
? San Diego, California
? WBC Interim Middleweight World Title#RamosNursultanov pic.twitter.com/tNgMkMZGfU
Қазақстандық боксшы ұзақ үзілістен кейін оралады
Алдағы жекпе-жек 32 жастағы Нұрсұлтанов үшін ұзақ уақыттан кейінгі алғашқы айқас болмақ. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылы Ташкентте рингке шығып, чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген.
Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте әзірге жеңіліп көрген жоқ. Оның еншісінде 20 жеңіс бар, соның он біріннде нокаутпен жеңген.
Рамос та жекпе-жекке жеңіспен келеді. Былтыр желтоқсанда америкалық боксшы Сан-Антониода отандасы Шейн Мозлиді (23-5, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Жарнама