Бокс
24 қазан 2019 13:31
 
WBC Ломаченконы ерекше дәрежеге көтерді

  Пікірлер

blog.share

WBC Ломаченконы ерекше дәрежеге көтерді © boxingnews.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) мексикалық Канкун қаласында өткен 57-ші Конгерссінде украиналық Василий Ломаченконы (14-1, 10 КО) жеңіл салмақта әлем чемпионы атағынан айырып, "франчайзинг" чемпионы ету туралы шешім қабылданды.

Украиналық боксшы бос болған WBC титулын тамыз айында Лондонда жергілікті Люк Кэмпбеллмен (20-3, 16 КО) жекпе-жекте жеңіп алған. Сонымен бірге, бұл кездесуде ол WBA (Super) және WBO белбеулерін қорғап қалды. Ломаченко WBC ұйымының "франчайзинг" белбеуін иеленген мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) кейінгі екінші боксшы.

Осылайша, жеңіл салмақта америкалық Девин Хэйни (23-0, 15 КО) "уақытша" чемпионы дәрежесінен толық чемпиондық атаққа көтерілді. Ал Хэйнидің босап қалған титулы үшін бұрынғы әлем чемпиондары доминикандық Хавьер Фортуна (34-2-1, 23 КО) мен аргентиналық Хесус Куэйяр (29-3, 22 КО) жұдырықтасады.

Жарнама

Живи спортом!