Бокс
19 қараша 2021 09:26

WBC Қазақстанда Конвенция өткізеді. "Канело" Альварес туды табыстады

©Instagram.com/canelo

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 2022 жылы Конвенция өткізетінін ресми жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жиын Қазақстанда өтеді.

Мұндай шешім ұйымның жыл сайынғы съездінде қабылданды, Мексикада өткен бұл жиыналысқа Сауль "Канело" Альварес қатысты. 

"Канело" жыл сайынғы съездті өткізу үшін туды Қазақстанға тапсырады", - делінген ұйымның Instagram желісіндегі видеода. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport