Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (21-0, 13 КО) екінші жеңіл салмақтағы Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің үздік 15 боксшысының қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Зауырбек 14-орынға жайғастыWBC-тің жаңартылған рейтингінде Сұлтан 14-орынға орналасты. Қазақстандық боксшы жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастырып келеді. Кәсіпқой рингте оның еншісінде 21 жеңіс бар, 13 нокаут.
Сұлтан соңғы жекпе-жегін 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатындағы бокс кешінде өткізді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джексон Ингленд (19-4, 10 КО) болды. Заурбек оны төрешілер шешімімен жеңді.
Фостер чемпиондық мәртебесін сақтап қалдыЕкінші жеңіл салмақтағы WBC нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы америкалық О’Шаки Фостер (25-3, 12 КО). Уақытша чемпион мәртебесі британиялық Райан Гарнерде (20-0, 10 КО).
Бұл салмақтағы WBC-тің тағы екі белбеуі франциялық Халил Эль-Хадриге (22-3, 11 КО) және танзаниялық Ибрахим Классу Мгендеруге (34-6-2, 17 КО) тиесілі. Эль-Хадри WBC Silver титулын иеленсе, Мгендеру WBC нұсқасы бойынша тағы бір белбеудің иегері.