Бокс
Бүгін 17:08
 

WBC қазақ нокаутшыны рейтингте көтерді

  Пікірлер

blog.share

WBC қазақ нокаутшыны рейтингте көтерді ©Тұрар Қазанғапов, Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (21-0, 13 КО) екінші жеңіл салмақтағы Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің үздік 15 боксшысының қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (21-0, 13 КО) екінші жеңіл салмақтағы Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің үздік 15 боксшысының қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Зауырбек 14-орынға жайғасты

WBC-тің жаңартылған рейтингінде Сұлтан 14-орынға орналасты. Қазақстандық боксшы жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастырып келеді. Кәсіпқой рингте оның еншісінде 21 жеңіс бар, 13 нокаут.

Сұлтан соңғы жекпе-жегін 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатындағы бокс кешінде өткізді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джексон Ингленд (19-4, 10 КО) болды. Заурбек оны төрешілер шешімімен жеңді.

Фостер чемпиондық мәртебесін сақтап қалды

Екінші жеңіл салмақтағы WBC нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы америкалық О’Шаки Фостер (25-3, 12 КО). Уақытша чемпион мәртебесі британиялық Райан Гарнерде (20-0, 10 КО).

Бұл салмақтағы WBC-тің тағы екі белбеуі франциялық Халил Эль-Хадриге (22-3, 11 КО) және танзаниялық Ибрахим Классу Мгендеруге (34-6-2, 17 КО) тиесілі. Эль-Хадри WBC Silver титулын иеленсе, Мгендеру WBC нұсқасы бойынша тағы бір белбеудің иегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!