WBC "Канело" - Плант айқасының жеңімпазына берілетін "құдайлар белбеуін" көрсетті

15 қыркүйек 2021 13:23
©Instagram.com/canelo

Бүкіләлемік бокс кеңесі (WBC) екінші орта салмақта WBA, WBC және WBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) және IBF титулына ие америкалық Калеб Плант (21-0, 12 КO) арасындағы жекпе-жек жеңімпазы иеленетін арнайы белбеуді көрсетті.  

"Теотиуакан" белбеуі "Құдайлар қаласының" құдыретімен және ежелгі мезоамериканың маңызды тәңірлерінің бірі Кецалькоатльдің күшімен рухтанған", - делінген ұйымның instagram желісінде. 

Еске салайық, Плант – Альварес жекпе-жегі 6 қараша Лас-Вегастағы MGM Гранд арнеасында өтеді деп жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport