auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

WBC Головкин - Альварес жекпе-жегін міндетті қарсылассыз өткізуді мақұлдады

WBC Головкин - Альварес жекпе-жегін міндетті қарсылассыз өткізуді мақұлдады
© sport.bigmir.net
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Thaboxingvoice радиосына берген сұхбатында орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жағдай туралы айтты.

Мұның алдында WBC Головкинді америкалық Джермалл Чарломен (27-0, 21 КО) жұдырықтасуға міндеттеген. Алайда қазақстандықтың командасы бұдан Альвареспен екі кездесу де даулы болғанын алға тартып, міндетті қарсылассыз, бірден мексикалықпен жекпе-жек өткізетіндерін мәлімдеген.

Сонымен бірге, Головкин қарымта сұраған еді, алайда, WBC оған рұқсат бермей, мексикалықққа белбеуін еркін қорғауға мүмкіндік берді.  Альварес Рокки Филдингті жеңіп, одан WBA (Regular) беобеуін тартып алды. Осылайша, мексикалық үш салмақта чемпиондық белбеу алған боксшы атанып отыр. 

Сулейманның сөзінше, мәселенің мән-жайы 22 желтоқсан Чарло мен ресейлік Матвей Коробовпен (28-1, 14 КО) жекпе-жегінен кейін анық болады. Бастапқыда америкалық боксшы отандасы Вилли Монромен (23-3, 6 КО) жұдырықтасу керек еді, бірақ, ол допинг-тестінен өте алмай, WBC оны жекпе-жектен алып тастады.

"Де Ла Хойяның артына тығыла берме". Джермалл Чарло "Канело" мен Головкинді жұдырықтасуға шақырды

"Конвенцияда қабылданған шешім бойынша, "Канелода" еркін қорғау өткізу мүмкіндігі бар, ал Чарло - Головкин жекпе-жегінің жеңімпазы Альвареске міндетті қарсылас болады. Алдағы сенбіде Чарло жұдырықтасады, осыдан кейін біз оның Головкинмен жекпе-жегін ұсынысқа жібереміз. 

Чарло Головкинді жеңсе, оның "Канеломен" жұдырықтасатын күнін белгілейміз. Тараптар келісе алмаса, промоутерлік сауда бастаймыз. Егер тараптар қатысудан бас тартса, жағдай тығырыққа тіпреледі де, біз келесі жарлықты басымдыққа аламыз. Бірақ, Чарло осы сенбіде жеңіп, Головкинмен жұдырықтасады, ал жеңімпаз 2019 жылы Альвареспен жекпе-жек өткізеді деген үміттемін", - дейді WBC басшысы. 

Сонымен қатар, Сулеймен ұйым қазақстандыққа Чарломен жұдырықтаспай-ақ Альварес - Головкин жекпе-жегін өткізуге рұқсат ететіндерін мәлімдеді. 

"Бұл WBC кеңесіне байланысты болады. Егер "Канело" - Головкин жекпе-жегіне ұсыныс келсе, дауыс беру арқылы шешеміз. Жеке менің пікірім - WBC трилогияны мақұлдайды. Ал басқаша ұсыныстар түссе, WBC жағдайды бағалап, бұл мәселені дауыс беру арқылы шешеді. Бірақ қазіргі жағдай - Чарлоның жеңісін және Головкинмен жұдырықтасуын күтіп отырмыз. Жеңімпаз "Канеломен" шығады. Мұнан өзгенің бәрі дауыс беру арқылы шешіледі", - деп түйіндеді ол. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама