АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақта WBC чемпионы, америкалық Себастьян Фундора (25-1-1, 17 KO) тегі албаниялық Эрмал Хадрибеимен (23-1-1, 8 KO) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек 12-раундтың соңғы секундында нокаутпен бітті. Фундора қарсыласын ұрып құлатқан кезде төреші онға дейін санады да, кездесуді тоқтатты.
Осылайша, Фундора кәсіпқой карьерасындағы 25-жеңісіне жетті. Оның 17 жеңісі нокаутпен. Сонымен қатар америкалықтың еншісінде бір тең нәтиже мен бір жеңіліс бар.
Ал Хадрибей кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады. Ол бұған дейін 23 рет жеңіп, бір жекпе-жегін тең аяқтаған еді.
Нәтижесінде Себастьян Фундора бірінші орта салмақтағы WBC чемпионы атағын сақтап қалды.
The Sniper got SNIPED @SebastianFundo1! ITS OVER!!!! ??? #FundoraHadribeaj | LIVE NOW on DAZN & TNT https://t.co/InVRTObG0P
— Premier Boxing Champions (@premierboxing) October 18, 2026
Жарнама