Бокс
Бүгін 14:17

WBC чемпионына қазақ боксшымен айқастан қаша берме деп тік айтылды

©Maywether Promotions

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 KO) менеджері Эгис Климас орта салмақта WBC чемпионы, доминиканалық Карлос Адамеске (25-1-1, 18 KO) үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Климас Адамеске титулын қорғауы міндетті екенін есіне салды 

Жақында Адаместің UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының шенеунігі Турки Әл аш-Шейх құрған Zuffa Boxing промоушенімен келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Осыдан кейін чемпион әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

"Енді ешқандай сылтау жоқ. Ешкімнен қашу жоқ. Мен ең үлкен сахнадамын және үздіктермен жұдырықтасуға дайынмын. Қатарға тұрғызыңдар!" - деді Адамес.

Климас доминиканалық боксшының сөзіне жауап беріп, оған қазақстандық міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен айқаста титулды қорғау керектігін еске салды.

"Қатарға тұрғызыңдар дейсің бе? Саған міндетті үміткер белгіленген, Мейірім Нұрсұлтанов дайын. Әлде сен де қашып, сылтау айтасың ба?" - деп жазды Климас.

Нұрсұлтанов WBC титулы үшін жекпе-жек күтуде

Бастапқыда Нұрсұлтанов 19 қыркүйекте WBC-дің уақытша чемпионы, америкалық Хесус Рамоспен (24-1, 19 KO) кездесуі керек еді. Алайда жекпе-жекке бір күн қалғанда америкалық боксшының денсаулығына байланысты жұдырықтаса алмайтын болды.

Жекпе-жек өтпей қалғаннан кейін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Адамеске титулын Нұрсұлтановқа қарсы қорғауды міндеттеді. Осылайша, қазақстандық боксшы міндетті үміткер мәртебесін алды.

Айта кетейік, доминиканалық боксшы қазақстандықпен кездесуден жалдан астам уақыт жалтарып келеді.

Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылы рингке шығып, чилилік Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңген еді.

Еске салайық, бұған дейін орта салмақта WBO және IBF чемпионы болған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing промоушенімен келісімшартқа отыруына қатысты өз ойын айтқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport