Бокс
Бүгін 11:48
 

WBC чемпионы Мейірім Нұрсұлтановты қапыда қалдырды

  Пікірлер

blog.share

WBC чемпионы Мейірім Нұрсұлтановты қапыда қалдырды ©badlefthook.com

Орта салмақта WBC чемпионы, доминиканалық Карлос Адамес (25-1-1, 18 KO) Zuffa Boxing компаниясымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін бірінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBC чемпионы, доминиканалық Карлос Адамес (25-1-1, 18 KO) Zuffa Boxing компаниясымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін бірінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Адаместің Zuffa Boxing лигасындағы дебюті: жекпе-жек қашан және кіммен өтеді?

Дэн Рафаэльдің мәліметінше, Адамес жаңа лигадағы алғашқы жекпе-жегін британиялық боксшы Джером Варбуртонмен (18-2-2, 2 KO) өткізеді. Бұл кездесу 17 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады.

Сонымен қатар жекпе-жек орта салмақ шегінен жоғары салмақта өтетіні және титулдық сипатта болмайтыны айтылды.

Адамес Нұрсұлтановпен жекпе-жекті кейінге қалдырды

Еске салайық, бастапқыда Адамес жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 KO) жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғауы керек еді.

Алайда доминиканалық боксшы Zuffa Boxing компаниясымен келісімшартқа қол қойып, WBC ұйымынан титулды қорғау мерзімін кейінге шегеруді сұрады. WBC шешіміне сәйкес, Адамес жеңіске жеткен жағдайда Нұрсұлтановпен кездесуге міндетті болады. Ал жеңілген жағдайда чемпиондық белбеу бос деп жарияланады.

Бір лигадағы чемпиондар

Айта кетейік, Zuffa Boxing компаниясымен орта салмақта тағы екі әлем чемпионы - IBF титулына ие Аарон Маккенна мен WBO чемпионы Дензел Бентли де келісімшарт жасасқан. Алайда міндетті үміткер Йоэнли Эрнандеске қарсы белбеуін қорғаудан бас тартқаны үшін Бентли чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін.

Адамес 2024 жылы WBC-дің уақытша чемпиондық белбеуінің иегері ретінде негізгі чемпион дәрежесіне көтерілді. Содан бері доминиканалық боксшы титулын үш рет сәтті қорғады. Ол Террелл Гошеге (төрешілер шешімімен, 12 раунд), Хамза Ширазға (тең түсті, 12 раунд) және Остин Уильямсқа (төрешілер шешімімен, 12 раунд) қарсы жекпе-жектерде жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!