WBC чемпионы күтпеген мәлімдеме жасады

©Marca

Энтони Джошуа (26-2) ауыр салмақта WBA, IBF және WBO Александр Усикті (19-0) жеңе алса, осы дивизионда WBC чемпионы Тайсон Фьюри (32-0) онымен тегін жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"

"Джошуа - бизнесмен, боксшы емес. Ол Усикті жеңеді деп үміттенемін, мен қайта оралып, онымен "Уэмбли" стадионында айқасу үшін. Мен тегін жұдырықтасамын және бұл жекпе-жек тегін телевидениеде трансляцияланады. Басқа елде емес, осында жұдырықтасамын. Британия халқы үшін тегін айқасамын", - дейді Фьюри журналист Майк Бенсонның Twitter желісінде жариялаған видеода. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport