Бокс
8 шілде 14:10

WBC чемпионы Әлімханұлын "лақтырып" кетті

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) доминиканалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) өтетін жекпе-жекке қатысты алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлының айтуынша, Адамес жекпе-жек келісімшартын алды. Алайда Жәнібек Адаместің бұл құжатқа қол қоймайтынына сенімді.

"Сіздер мұны көрдіңіздер ме? Ол (Адамес) жоғалып кетті! Бұрын ол Twitter-де (қазіргі X) өте белсенді болатын! Енді тіпті жауап та бермейді! Неге екенін білемін! Ол не айту керегін білмей отыр. Себебі, оның қолында келісімшарт бар. Бірақ ол оған қол қоймайды", – деп жазды Жәнібек X парақшасында.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBC белбеуі осы Адаместе - сол себепті қазақстандық чемпион дәл осы қарсыласпен жұдырықтасқысы келеді. Егер жекпе-жек өтсе, онда бірден үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады: IBF және WBO – Әлімханұлында, WBC – Адаместе.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport