auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

WBC чемпионы 41 нокауты бар боксшыны қолғабына ауыр зат салып жеңгенін мойындады

Ол нокаутпен жеңген еді.

WBC чемпионы 41 нокауты бар боксшыны қолғабына ауыр зат салып жеңгенін мойындады
Сурет: Allboxing
0
Америкалық боксшы Марселлос Уайлдер (5-2, 2 КО) британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) қолғабына "ауыр зат" салғандығының арқасында ғана америкалық Деонтей Уайлдерді (42-1-1, 41 КО) жеңді деп айыптады, - деп хабарлайды vRINGe.com. Бұл жекпе-жек суперауыр салмақта WBC чемпионы атағы үшін өткен еді. 

Деонтейдің інісі, Марселлос әлеуметтік желіде былай депті: "Сұмдық, бірақ, бұл факт. Биікте болсаңыз, олар сізді жардан шығу үшін бәріне барады. Ал ең жаманы өзіңіздің командадағылар сіздерді ақша үшін оларға сатуға дайын. Дәрігер ауыр қатты зат тигендіктен ағамның басында ойықтың орны барын айтты. Соңғы жекпе-жегінде алған жарақаты. Мұндайды жұдырықпен істей алмайсың. Патша аяғына тұрады. Қанды кек үшін ораламыз!".

Фьюри бұған бірден жауап берді.

"Жаңа ғана ескерме оқыдым, менің қолғабыма ауыр қатты зат салынған екен. Иә, солай. Қолғаптарға әрқайсысы үш келіден екі зат салынды (жұдырығын көрсетті). Онымен басқа дәл тисе, Деонтейдің күйіне түсесің.

Әлде маған қолғап кигізгенін бақылап түрған бапкерлерің Джей Дис пен Атлетикалық комиссия өкілдері қастандық жасады деп ойлайсыңдар ма? Дис сол жерде болды, тейп салғанын көрді, қолыма кимей тұрып қолғапты тексерді. Сондықтан мына сөздерің - жындының сандырағы. Басыңда ойық? Келесі жолы карьераңды ойып тастаймын. Қатарынан екі нокаут деген не екенін білесің бе? Бұл "қош бол, енді көріспейміз" деп аталады", - дейді Фьюри. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар