auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 705 18 999 35
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттейді

WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттейді
© ringside24.com
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшыларға жекпе-жек күні де салмақ өлшеу рәсімін енгізбек, - деп хабарлайды vringe.com.

Қазіргі таңда WBC ұйымында жекпе-жекке дейін бір күн бұрын өлшену рәсімімен қатар, алдын ала - бір ай және бір апта бұрын өлшену бар. 

Енді бұған жекпе-жекке дейін екі апта бұрын және жұдырықтасатын күні салмақ өлшеуді қоспақ. 

Жекпе-жектен 30 күн бұрын өлшенгенде боксшы келісімшартта көрсетілген салмағынан он пайыз асып тұруға рұқсат етіледі, ал 14 күн бұрын бес пайыз ғана, жеті күн қалғанда - 3 пайыз. 

Ал жекпе-жек күні өлшенгенде спортшы келісімшартта көрсетілген салмақтың он пайызынан артық жинауына болмайды. 

WBC жекпе-жектері үшін жаңа ережелер маусымнан бастап күшіне енеді, ал жұдырықтасатын күні өлшенуден басқасы 1 қаңтардан бастап қолданылады. 

Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап боксшылар комиссияға жыл сайынғы МРТ-тексерісінің мәліметтерін берулері қажет. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама