WBC Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО) титулды міндетті қорғауын Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) белбеу біріктіретін жекпе-жектен кейінге қалдыруға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC чемпиондар айқасын ұйымдастырмақvRINGe порталының мәліметінше, WBC президенті Маурисио Сулейман тараптарға келіссөз жүргізуге қосымша уақыт берілгенін мәлімдеді. Ұйым тараптар мәмілеге келіп, жақын күндері келісімшартқа қол қойылады деп үміттеніп отыр.
Егер келісім жүзеге асса, орта салмақтағы үш титул үшін жекпе-жек өтеді: Карлос Адамес - WBC белбеуінің иесі, ал Жәнібек Әлімханұлы - WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.
Алайда жағдайды Сауд Арабиясының ықпалды промоутері және инвестор Турки Әл аш-Шейх қиындатып отыр. Еске салсақ, дәл сол елде биыл ақпанда Адамес британиялық Хамза Ширазбен жұдырықтасып, даулы шешіммен тең түскен болатын.
Жәнібек үшін жеңілмеген өзге қазақстандық титулды айқастан қағыла ма?Доминиканалық чемпион Жәнібекпен кездесуге дайын екенін білдірді, алайда ол бұл жекпе-жекке байланысты қосымша қауіптер үшін қаржылай өтемақы талап етуде. Бұған жауап ретінде Әл аш-Шейх: "Менің уақытымды босқа кетіріп жатыр", - деп қатқыл мәлімдеме жасады.
Бұл арада қазақстандық Майырым Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО), WBC рейтингінде бірінші орында тұрған міндетті үміткер ретінде өз титулдық мүмкіндігін күтіп отыр. Оның Адамеспен жекпе-жегі әуелде 2023 жылы өтуі тиіс болған.
Алайда WBC ұйымы Жәнібек пен Адамес арасындағы біріктіруші жекпе-жек үшін Нұрсұлтановтың титулдық кездесуін тағы да кейінге қалдыруы мүмкін.