WBA титулын сәтті қорғаған қазақ боксшы кезекті айқасқа шығады
©diamondring.kz
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) жазда кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) жазда кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәлімет бойынша, Бекман жаттығу лагерін бастап кетті, ал жекпе-жек күні мен қарсылас маусым айында белгіленеді.
Сойлыбаев кейінгі рет 21 наурыз Алматыда жұдырықтасып, үшінші раундта филиппиндік Дженел Лаусаны (11-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірген.
Осылайша, қазақстандық боксшы WBA Inter-Continental белбеуін сәтті қорғады, алайда ұйым оны рейтингтен шығарып тастады.
Жарнама