Бокс
Бүгін 13:17

WBA титулы үшін айқасатын Бибосынов мәлімдеме жасады

©IBA

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізеді - бұл жолы WBA Asia белбеуі сарапқа салынадыі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі дүркін әлем чемпионы әрі Токио-2020 Олимпиадасының жүлдегері Сәкен индонезиялық Сурия Дхармамен (4-0, 3 КО) жұдырықтасады. Боксшылар WBA Asia титулын сарапқа салады. Жекпе-жек 17 сәуір күні Бішкекте (Қырғызстан) өтеді.

"Мен титулдық жекпе-жекке дайынмын. Алғаш рет он раундтық айқаста күшімді сынап көремін. Қарсыласым өте мықты", - деді Бибосынов Sportbugin басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткізген болатын. Сол кезде ол филиппиндік Кристиан Леганені (6-2-3, 4 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Екінші жекпе-жегі де Қырғызстан астанасында өтті. Жергілікті дебютант Адилет Қачкынбековпен (0-1) кездесуде қазақстандық боксшы күтпеген жерден толық қашықтықты еңсеріп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport