WBA титулы бар қазақ боксшы Ташкентте жекпе-жекке шығады

©Diamond Ring

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) келесі жекпе-жегін тамызда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Adal Promotions мәліметінше, 10 раундтық жекпе-жек Ташкентте өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Сойлыбаев кейінгі рет 21 наурыз Алматыда жұдырықтасқан болатын, ол айқаста Бекман үшінші раундта филиппиндік Дженела Лаусаны (11-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы WBA Inter-Continental белбеуін қорғап қалды, алайда қарсыластың әлсіздігіне байланысты ұйым оны рейтингтен шығарып тастады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport