Бокс
Бүгін 10:55

WBA-ның экс чемпионын жеңген Бекбауовқа келесі қарсылас белгіленді

©WBC

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Дулат Бекбауовтың (4-0, 3 KO) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бекбауов 31 қазанда Мексиканың Тихуана қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға оралады. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Хуан Рамон Гусман (18-12-1, 14 KO) болады.

Дулат Бекбауов бұған дейін 25 шілдеде Алматыда жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен бұрын WBA Inter-Continental титулын иеленген беларусь Евгений Долголевцті (8-3, 4 KO) жеңген еді.

Хуан Рамон Гусман қатарынан тоғыз рет жеңіліп отыр. Ол соңғы жекпе-жегін 9 мамырда өткізіп, отандасы Антонио Вальдовиностан (11-1-2, 7 KO) техникалық нокаутпен есе жіберді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport