WBA нокаутпен жеңістен кейін Жәнібек Әлімханұлын бірден топ-10 тізімге кіргізді

3 желтоқсан 2021 12:25
©AP

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) нокаутпен жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингінің топ-10 тізіміне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

21 қараша Лас-Вегаста (АҚШ) Жәнібек сегізінші раундта әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды (38-6, 21 КО) нокаутпен жеңді. Ал оған дейін қазақ боксшы қарсыласын бір есеңгіретіп алған болатын. 

Осы жетістік арқасында Әлімханұлы WBA ұйымының орта салмақтағы жаңартылған рейтингінде жеті саты жоғарлап, сегізінші орынға жайғасты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport