Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы өзекті рейтингті жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл рейтингтен екінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) топ-15 тізімнен шығып қалды, бұған дейін ол 13-орында болған еді.
Бекман кейінгі рет 21 наурыз Алматыда жұдырықтасып, филиппиндік Дженела Лаусаны (11-1-1, 7 КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA Inter-Continental титулын қорғап қалған болатын.
WBA неге мұндай шешімге келгені әзірге белгісіз, бәлкім ұйым Сойлыбаевтың қарсыласы әлсіз болды деп есептеген болса керек.