Бокс
2 қазан 12:58
 

WBA қазақ боксшыны Канело кардындағы нокаут үшін "марапаттады"

  Пікірлер

blog.share

WBA қазақ боксшыны Канело кардындағы нокаут үшін "марапаттады" ©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты. 

blog.share

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты. 

Онда қазақстандық Бек Нұрмағанбет рейтингке қайта қосылып, 8-орынға жайғасты. Кейінгі рет Бек 15 қыркүйек Лас-Вегаста жұдырықтасып, америкалық Джошуа Конлиді (17-7-1, 11 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген. 

Бектің жекпе-жегі Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) - Эдгар Берланга (22-1, 17 КО) айқасының кардында өткен еді. 

Бірінші жартылай орта салмақта 7-орында болған Жанқош Тұраров қазір топ-15 тізімде де жоқ, ал Батыр Жүкембаев 9-дан 11-орынға сырғыпты.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зауырбек 3-тен бір саты төмендеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!