1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
3 наурыз 16:00
 

WBA Жүкембаев пен Зауырбекке қатысты шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

WBA Жүкембаев пен Зауырбекке қатысты шешімін жариялады ©Showtime

Бүкіләлемдік бкос қауымдастығы (WBA) барлық дивизион бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Өзгерістер қазақстандық боксшыларға да әсер етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүкіләлемдік бкос қауымдастығы (WBA) барлық дивизион бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Өзгерістер қазақстандық боксшыларға да әсер етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыржан Жүкембаев бұған дейін 14-орында тұрған еді, алайда жаңа рейтингте үздік 15 боксшының қатарына енбей қалды.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек ("қазақтың нокауттар патшасы") бір саты төмендеп, үшінші орынға орналасты. Бірінші орын әзірге бос тұр, ал екінші орында марокколық Мусса Голам. Бұл салмақтағы чемпиондық белбеу британиялық Джеймс Диккенс иелігінде.

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орнын сақтап қалды. Бұл дивизионда көш басына өзбекстандық Бектемир Меликузиев көтерілді. Әлем чемпионы - мексикалық Хосе Армандо Ресендис.

WBA Asia титулының иегері Руслан Мадиев жартылай орта салмақта оныншы орында қалды. Бұл салмақта бірінші орын өзбекстандық Шахрам Гиясов еншісінде, ал чемпиондық белбеу америкалық Роландо Ромероға тиесілі. Сондай-ақ, WBA Asia белбеуінің иегері Елшат Нығметолла жеңіл салмақта тоғызыншы позициясын сақтап қалды.


32 жастағы Жүкембаев соңғы айқасын 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, британиялық Кейн Гарднерді төрешілер шешімімен жеңген еді. Ал мамыр айында рингке оралады — Ташкентте өзбекстандық Шохжахон Эргашевпен (26-2, 23 КО) жекпе-жек өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!