1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:28
 

WBA жеңіліп көрмеген қазақ нокатушыны рейтингтен шығарып татсады

  Пікірлер

blog.share

WBA жеңіліп көрмеген қазақ нокатушыны рейтингтен шығарып татсады ©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың позицияларында бірқатар өзгерістер болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың позицияларында бірқатар өзгерістер болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бек Нұрмағанбет рейтингтен шығып қалды

Екінші орта салмақта WBA рейтингінің 11-орнында тұрған Бек Нұрмағанбет жаңартылған тізімнен алынып тасталды. Мұндай шешім қазақстандық боксшының ұзақ уақыт бойы шаршы алаңға шықпауымен байланысты болуы мүмкін.

Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО) соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізіп, америкалық Стивен Самптерді нокаутпен жеңген болатын.

Руслан Мәдиев жоғарылады

Жартылай орта салмақта WBA Asia белбеуінің иегері Руслан Мәдиев рейтингте бір сатыға көтерілді. Ол тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.

Сұлтан Заурбек орнын сақтап қалды

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Заурбек WBA рейтингіндегі төртінші орнын сақтап қалды. Қазақстандық боксшы өз дивизионындағы үздік үміткерлер қатарында қалып отыр.

Елшат Нығметолла да алға жылжыды

Жеңіл салмақтағы WBA Asia чемпионы Елшат Нығметолла да рейтингте бір саты жоғарылады.

Енді ол өз салмақ дәрежесінде жетінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет бұрынғы абсолют әлем чемпионы Сауль Канело Альварестің жаттығу лагерінде жұмыс істейді және мексикалық жұлдыздың спарринг-серіктестерінің бірі саналады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!