Жеңіл салмақта WBA Regular титулына ие болған америкалық Джервонта Дэвис (29-0, 27 КО) ұйымның толыққанды чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz.
Осы салмақта абсолют чемпион болған өзге америкалық Девин Хэйни белбеулерді босатып, жоғары дивизионға өткендіктен Танк лақап атты Джервонта автоматты түрде толыққанды чемпион атанды.
Дэвис - үш салмақта әлем чемпионы: бірінші жартылай орта салмақта 2021-ден бері WBA белбеуін иеленіп келеді, жеңіл салмақта 2019-дан бері WBA Regular титулына ие, WBA Super (2018-2019, 2020-2021) және IBF (2017) тұжырымдары бойынша екінші жартылай жеңіл салмқата әлемнің бұрынғы чемпионы.
Кейінгі рет ол 2023 жылы сәуірде жұдырықтасып, Райан Гарсияны жеңген болатын.
Али әлде Тайсонның ізімен? Америкалық әйгілі чемпион исламға бет бұрды