WBA чемпионымен. Жеңілмеген қазақ боксшы титулды айқасқа шығады

©Suleimen Promotions

Екінші орта салмақта WBA белбеуіне міндетті үміткер Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне екінші жаттығу лагерін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл дивизионда WBA чемпионы кубалық Давид Морреллмен (6-0, 5 КО) келіссөз басталды. Бұл айқас биыл көктемге жоспарланып отыр. 

Айдос бұған дейін Алматыда бірінші жаттығу лагерін өткізді. Екінші жиын Шымкентте өтіп жатыр, ол аяқталысымен Ербосынұлы Suleimen Promotion компаниясындағы өзге боксшылармен Мәскеуге аттанады. 

Айдос кейінгі рет қыркүйекте жұдырықтасып, гайаналық Аллен Ленноксті (22-2-1, 14 КО) нокаутқа түсірді. Осылайша, ол кубалық чемпионға міндетті қарсылас атанды. Ал Моррелл желтоқсан айында АҚШ-тың Миннеаполис қаласында жергілікті Алантес Фоксты (28-3-1, 12 КО) нокаутпен жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport