Жартылай ауыр салмақта WBA Super титулына ие ресейлік Дмитрий Бивол Olamsport арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздер барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды.
"Әзірге шешім күтіп отырмыз, Сауль Альварестің командасы не шешеді, соған байланысты. Оларға ұсыныс жасалды. Ал біз не?
Біз келісеміз. Ал олардың түрлі жоспарлары көп. Жауаптарын күтіп отырмыз. Сауль болмаса, басқа боксшылар бар", – дейді Бивол.