Орта салмақта WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) IBF және WBO белбеулеріне ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) қарсы жекпе-жекте қарсыласына "зиян келтіретінін" мәлімдеді. Айқас 6 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жасы 42-де болғанымен және рингке 15 ай шықпағанына қарамастан, Лара өз күшіне сенеді және 32 жастағы Жәнібектен жақсы екенін дәлелдеп бермек.
Чемпионның мұрасы бәске тігілдіЛара алғашқы секундтардан шабуылдауға уәде берді:"Барлығы Жәнібекті дивизиондағы ең қауіпті боксшы деп ойлай берсін. 6 желтоқсанда солай ма, көреміз. Бұл жекпе-жек менің мұрамды бекітеді. Не істеу керегін білемін және жеңісіме сенімдімін. Көрермендер менің үздік нұсқамды көреді", – дейді Лара Boxingnews24.com басылымына.
Кроуфордпен"Мен рингке ұруға және соққымды қарсыласымның жанына батыруға шығамын. Егер мүмкіндік туса, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаймын. Ал айқас соңына дейін барса, әдемі жеңіс көресіздер. Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды, себебі бұл – белбеулерді біріктіру. Егер жеңсем, барлығы орта салмақта ең мықты кім екенін түсінеді".
Лара – Әлімханұлы айқасының жеңімпазы америкалық Теренс Кроуфордпен кездесуі мүмкін, егер ол орта салмаққа өтуді шешсе. Кроуфорд әзірге нақты шешімін жариялаған жоқ, бірақ айқасуға бел буса, оның алдында екі жол болады: Лара – Әлімханұлы жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу немесе орта салмақтағы WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен айқасу.