Орта салмақта WBA чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) IBF және WBO белбеулеріне ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) қарсы жекпе-жекте қарсыласына "зиян келтіретінін" мәлімдеді. Айқас 6 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жасы 42-де болғанымен және рингке 15 ай шықпағанына қарамастан, Лара өз күшіне сенеді және 32 жастағы Жәнібектен жақсы екенін дәлелдеп бермек.
Чемпионның мұрасы бәске тігілді
"Барлығы Жәнібекті дивизиондағы ең қауіпті боксшы деп ойлай берсін. 6 желтоқсанда солай ма, көреміз. Бұл жекпе-жек менің мұрамды бекітеді. Не істеу керегін білемін және жеңісіме сенімдімін. Көрермендер менің үздік нұсқамды көреді", – дейді Лара Boxingnews24.com басылымына.
Лара алғашқы секундтардан шабуылдауға уәде берді:
"Мен рингке ұруға және соққымды қарсыласымның жанына батыруға шығамын. Егер мүмкіндік туса, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаймын. Ал айқас соңына дейін барса, әдемі жеңіс көресіздер. Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды, себебі бұл – белбеулерді біріктіру. Егер жеңсем, барлығы орта салмақта ең мықты кім екенін түсінеді".
Кроуфордпен
Лара – Әлімханұлы айқасының жеңімпазы америкалық Теренс Кроуфордпен кездесуі мүмкін, егер ол орта салмаққа өтуді шешсе. Кроуфорд әзірге нақты шешімін жариялаған жоқ, бірақ айқасуға бел буса, оның алдында екі жол болады: Лара – Әлімханұлы жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу немесе орта салмақтағы WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен айқасу.
Жарнама