Орта салмақтағы WBA чемпионы кубалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) WBO және IBF тииулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үш чемпиондық белбеу үшін өтетін бұл кездесу 6 желтоқсанда Сан-Антонио қаласына (Техас штаты, АҚШ) жоспарланған бокс кешінің басты оқиғаларының бірі болады.
"Бұл жекпе-жекті шымдамдылық танытып, күту керегін білдім. Мен бәріне дайын боламын.
Бұл жеңіс карьерам үшін маңызды болады. Жәнібек мықты қарсылас, ол бокс тарихы бай елден. Мен Қазақстан боксшыларымен әуесқойдағы кезеңнен бері айқасқан жоқпын, енді бұл айқасты тағатсыздана күтемін", - деп береді Лараның сөзін NYfights.com.