Бокс
2 наурыз 2023 15:36

WBA ауыр салмақтағы қазақ боксшыны неге "жазалағанын" түсіндірді

©olympic.kz

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевты (5-0, 4 КО) рейтингтен неге шығарып тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жыл басында Қамшыбек ауыр салмақта төртінші орында болған еді. Ал жаңартылған рейтингте ол жоқ болып шықты. WBA ұйымның өкілдері мұндай шараны "соңғы айқасында әлсіз қарсыласпен шықандығына" байланысты қолданған түсіндірді. 

Еске салайық, Қамшыбек кәсіпқойда кейінгі рет 2022 жылы наурыз айында жұдырықтасқан. Алматыда өткен ол жекпе-жекте Қоңқабаев өзбекстандық Фарух Джураевты (7-8-1, 3 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Ал содан кейін Қазақстан құрамасына қосылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport