Виталий Кличко отандасы Усикке сәттілік тіледі

©Reuters

Супер ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Виталий Кличко бүгін Александр Усик (19-0, 13 КО) пен Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) айқасының алдында отандасына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос алып WBA, IBO, IBF және WBO белбеулерін сарапқа салады.

"Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған көрермен Усик пен Джошуа реваншының куәгері болады. Украинаның жеңісін бүкіл әлем тамашалайды. Саша біз саған сенеміз. Жеңіс біздің жақта!, - деді Кличко видео үндеуде.

Еске салайық, бүгін Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында Усик пен Джошуа бір-біріне қарсы екінші рет қолғап түйістіреді. Бокс кеші елорда уақытымен 21:00 басталады. Ал негізгі жекпе-жек шамаман түнгі сағат 02:00 шамасында.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар