1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
27 ақпан 09:41
 

Виктория Графеева "Странджа кубогінде" әлем чемпионынан жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Виктория Графеева "Странджа кубогінде" әлем чемпионынан жеңілді ©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Виктория Графеева Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінде жүлдеге жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Виктория Графеева Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінде жүлдеге жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол 2025 жылғы әлем чемпионы бразилиялық Ребека де Лима Сантосқа 2:3 есебімен есе жіберді. Осылайша, жартылай финалға өткен Ребека құрамасына кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Бұған дейін Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Әнел Құдайберген (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) және Римма Волосенко (60 кг) жеңіліс тапқан еді.

Ал Әнел Сақыш (54 кг) пен Элина Базарова (54 кг) жартылай финалға жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!