Бокс
Кеше 20:29

Виктория – чемпион! Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

©

Бокстан Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әйелдер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды. Финалда бразилиялық боксшы қыз Ребекка Сантоспен жұдырықтасты. Төрешілер шешімі бойынша отандасымыз 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, қос боксшы кейінгі бір жылдың ішінде төртінші мәрте айқасып отыр. 2025 жылы Астанадағы әлем кубогының финалында Виктория басым түссе, әлем чемпионатының финалы мен «Странджа» турнирінде Бразилия спортшысы жеңісті тойлаған еді.

Кешкі сессияда тағы үш боксшымыз чемпиондық атаққа таласатын болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport