"Вегаста сабаймын". Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің келесі қарсыласын алып қоймақ

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақта WBA чемпионы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шықпақ, деп хабарлайды Vesti.kz

Ал жапониялықпен өзге қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) желтоқсанда айқасатын болып жоспарлаған еді. Жәнібек осы мәселе бойынша промоутеріне ұсыныс айтты

"Боб Арум, Top Rank, Муратамен қыркүйекте жекпе-жек ұйымдастырып беріңдер. Мен оны Вегаста сабаймын. Ал желтоқсанда Жапонияда қарымта өткіземіз. Осыдан кейін барлық белбеуді иемденеміз! 26 маусым? Жеңіл айқас!" - деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.