Василий Ломаченконың келесі қарсыласы кім болатыны айтылды
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум жеңіл салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Василий Ломаченко келесі кездесуін өз салмағында әлемнің абсолют чемпионы америкалық Дэвин Хейниге қарсы өткізетінін айтты, деп жазады Fightnews.info порталы.

Арумның айтуынша, екі боксшының командасына жекпе-жектің қайда және қашан өтетінін келісу ғана қалған.
"Мен кеше Дэвиннің әкесі Билл Хэйнимен түскі ас іштім. Содан соң Девин де бізге келіп қосылды. Оның келесі қарсыласы Ломаченко болады. Қазіргі уақытта біз кездесудің қайда және қашан өтетінін ақылдасып жатырмыз. Бірақ айқастың өтетіні анық", - деді Арум.
Еске салайық, Хэйни кәсіпқой бокста 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Ломаченко болса 17 кездесуде жеңіске жетіп, 2 рет жеңілген.
Жарнама