Василий Левиттің әлем чемпионатындағы жеңісті жекпе-жегінің видеосы

16 қыркүйек 2019 09:05
Данияр Майлыбаев©
2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын жеңістен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға шығу жолында Левит төрешілер шешімімен словакиялық Давид Михалекті жеңді.



Сонымен бірге, кеше өткен жарыс күнінде әлем чемпионы атағында жұдырықтасып жатқан қазақстандық Қайрат Ералиев (57 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) те жекпе-жектерінде жеңіске жетті.
Жаңалықтар