Василий Левит күтпеген жерден эквадорлық боксшыдан жеңілді

20 қыркүйек 2019 18:13
Василий Левит. Сурет: Данияр Майлыбаев©
Қазақстандық боксшы Василий Левит Екатеринбургтегі 2019 жылғы әлем чемпионатының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда Левит төрешілердің бөлек шешімімен эквадорлық Хулио Кастильодан жеңілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы сапынан финалға үш боксшы өте алмады.

Мұның алдында әлемдік жарыстың жартылай финалында Тұрсынбай Құлахмет пен рингке бірінші шыққан Сәкен Бибосынов үндістандық боксшыға есе жіберіп, қола жүлдеге ілікті. 

Бірінші раундтағы нокдаун. Қазақ боксшы әлем чемпионатының ақтық сынына жете алмады

Жартылай финалдық кездесулердің барлығын мына жерден тікелей тамашалай аласыз.